Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл халқы шөпті несиеге алуға мәжбүр

Павлодар облысында ауыл халқы шөпті несиеге алуға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бір тонна шөптің бағасы 100 мың теңгеге жеткен. Азын аулақ малмен ғана күн көріп отырған жұртшылық қарызға белшеден батқанын айтады. Қуаңшылықтан жер күйіп кеткен. Есік алдындағы санаулы түлікке шөпті сатып алуға мәжүр. Ал бағасын екінің бірінің қалтасы көтермейді.

“Жеріміз жоқ шауып алатын. Одан кейін амал жоқ, сатып аламыз. Биыл міне 90-100 мың деп тұр ғой. Сұмдық ғой бұл. Бағасы 100 мыңнан болса, 10 телешкасы 1 миллион болады. Өте қымбат, өте қымбат. Халықтың жағдайы қиын”, – дейді ауыл тұрғыны Бақытжан Болат.

Шөп сатып алуға шамасы келмеген тұрғындар малды азайтуға көшкен. Бірақ, қазір оны сату да оңай болмай тұр. Қымбатшылық жайлаған тұста арзанға сатқылары жоқ. Сондықтан, қысқы азықты несиеге алып жатыр.

“Алдыңғы жылы 50 мың болған, былтыр 70 мың, биыл міне 90-100 мыңға шықты. Мен биыл бес-ақ телешка ғана алдым. Өте қымбат. Енді ол жетпейді бәрі бір. Сондықтан малды азайтамын”, – дейді ауыл тұрығыны Алдан Маманұлы

Ал әкімдік шөп дайындау бойынша тиісті шаралар қабылдап жатқанын айтады. Бұл мақсатқа қазынадан 3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген.

“Мал азығының бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жеке аулаларды сабанмен қамтамасыз ету мақсатында меморандумдар жасау жбойынша жұмыс жүргізілуде. "Павлодар" ӘКК " АҚ арқылы 10 мың тонна көлемінде жемдік астық сатып алу бойынша резервтік қор құрылады”,  -деді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Ақатев. 

Талқылау