Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз табылды

Павлодарда № 5512 әскери бөлімінен кеше сағат 6:30 шамасында кетіп қалған сарбаз табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап. 

сарбаз

"Мерзімді қызметтегі әскери қызметші Елубаев сағат 00:30 шамасында қызметін өтеп жатқан 5512 әскери бөліміне өз еркімен келді, - деді ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында. Қазіргі уақытта әскери бөлімді өз бетінше тастап кетуінің себептері мен жағдайлары анықталуда. Толығырақ қосымша хабарлаймыз", - делінген Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының мәлімдемесінде. 

Еске сала кетейік, Ақмола облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Тамерлан Елубаев сенбі, 3 сәуір сағат 06:30 шамасында әскери бөлімнен өз еркімен кеткен болатын.

"VITA" іздеу жасағының еріктілері мен Павлодар облысының әскери-тергеу органдары сарбазды бірге іздеген болатын.

STAN.KZ
Жексенбі, 04 Сәуір, 2021 12:27
Талқылау