Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әлдекімдер банктің қабырғасын бұзып кіріп, тонамақ болған

Павлодар облысы полиция департаменті белгісіз адамдар банктің қабырғасын бұзып кіргенін мәлімдеді. Қазір ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Оқырмандар жіберген

"11 қараша күні сағат 09:30-да полицияға банктің бір филиалында қабырғаның бұзылғаны туралы хабарлама түсті", – делінген хабарламада. 

Оқиға орнында полицейлер мен тергеу-оперативтік топ жұмыс істеп, мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ бұл жағдайға банк өкілдері де түсініктеме берді.

"11 қарашада таңертең банкке түнгі сағат 22:00-ден 23:00-ге қараған түні белгісіз адамдар Павлодардағы Halyk бөлімшесіне (Естай көшесі, 40 мекенжайы бойынша) кіргені туралы хабар түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Halyk филиалының қызметкерлері істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарына қолдау көрсетті. Банк баспасөз қызметі жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұрайды. Өйткені жалған мәлімет полицияның тергеу жүргізуіне кедергі келтіруі мүмкін", – деп мәлімдеді банк өкілдері.



Еске салайық, бұған дейін шымкенттік 18 жастағы студент ломбардты тапаншамен тонамақ болған адамды тоқтатып, полицияға ұстап берген еді. Қазіргі уақытта студент желі жұлдызына айналды. Шабуылдаушы ломбардқа клиент ретінде кіріп, сосын қызметкерге тапанша бағыттаған. Аталған оқиғаға күтпеген жерден боксшы Ұлықбек Ахмедов араласқан. Дене шынықтыру және спорт факультетінің бірінші курс студенті тонаушыны тоқтатты.

Талқылау