Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда алаяқтар әйелдің депозитіндегі 1,2 миллион теңгені шешіп алған

Павлодарда алаяқтар тұрғынның депозитіндегі 1,2 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласының тұрғынына белгісіз абоненттік нөмір қоңырау шаған. Өзін Андрей деп таныстырған ер адам депозитпен жұмыс істейтін банктердің бірінің жетекші менеджері екенін айтыпты. Әңгімелесу барысында ол банктің депозит бойынша пайыздық мөлшерлемені 1%-ға арттыра алатынын түсіндірген. Тұрғын бұл ұсынысқа қызығушылық танытыпты.

Сыйақы сол күні есептелуі үшін ер адам онлайн режимінде қосымша келісім жасауды ұсынды. Әйел келісе салысымен, ол бағдарламаны ашатын 6 таңбалы кодпен SMS-хабарлама алады. Артынша әйел бұл хабарламадағы кодты қоңырау шалған қызметкерге айтып береген. Содан кейін әйел телефонды баса салған. Көп ұзамай оның шотынан 1,2 миллион теңгеге жуық қаржы шешіліп алынған. 

Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

"Ешбір жағдайда банктік картаңыз туралы деректерді, сондай-ақ жеке деректеріңізді, банктердің мобильді қосымшалардың парольдерін белгісіз адамға беруге болмайды", - деп еске салады тәртіп сақшылары.

Талқылау