Павлодарда ағаш кесу кезінде құрылғы көтергіші құлап, 3 адамды тоқ соқты
Павлодарда ағаш кесу кезінде ішінде жұмысшылар бар манипулятор көтергіші құлап, үш жұмысшыны электр тоғы соқты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
"Қаладағы ықшам аудандардың бірінде ағаштарды кесу кезінде ішінде жұмысшылар бар манипулятор көтергіші құлаған. Анықталғандай, оның ұстауыш темірі электр сымдарына тиіп, соның салдарынан үш адамды электр тоғы соққан", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жансақтау бөліміне жатқызылған екі зардап шеккен адамның 40 және 30 пайызын күйік шалған. Үшінші жәбірленуші де аздап күйіп қалған. Ол тиісті бөлімге жатқызылды.
"Қазір үш науқас та есін жиды, жағдайлары қалыпты. Олар нейрохирург пен невропатологтардың қарауынан өтті. Жағдайлары тұрақты", - делінген хабарламада.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
