Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 8 жасар бала өрт шыққан үйде қамалып қалған

8 жастағы павлодарлық тұрғын көп қабатты үйде болған өрт кезінде жабық пәтерде қалып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пожар

"Өрт туралы хабарлама бүгін, 24 маусымда сағат 10:57-де 101-ге келді. Өрт болған жерде үш бөлмелі пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздардың жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер сегіз жастағы баланы құтқару үшін төтенше жағдайлар күштерінің көмегімен жоғарғы қабаттағы есікті ашқан", - деді Қайрат Бартыбаев.

Сонымен қатар, өрт сөндірушілер 18 адамды, оның ішінде алты баланы эвакуациялады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құтқарылған бала өрт шыққан жерден жоғары орналасқан төртінші қабаттағы пәтерде болған. Оның өзі диспетчерлерді шақырып, өрт туралы хабарлады.

"Бала пәтер жабық болғандықтан, шыға алмаған. Ол 101-ге қоңырау шалып, өрт туралы хабарлады. Өрт сөндірушілер есікті ашып жатқан кезде, диспетчер бала қорқып кетпеу үшін және пәтердің түтін бөлігіне шықпауы үшін оған психологиялық көмек көрсетіп, онымен байланыста болды", - деп атап өтті ТЖМ баспасөз қызметінде.

Жарты сағаттан кейін өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр