Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 5-ші қабаттан құлап кеткен келіншек аман қалды

Павлодарда ішімдікке мас келіншек бесінші қабаттан байқаусызда құлап кетіп, аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

7 маусымда сағат 07:10-да Толстой көшесіндегі көп қабатты үйлердің бесінші қабатынан 47 жастағы әйел құлап кетті. 

Жәбірленуші алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

“Әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ оның жағдайы ауыр”, – деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Теміргалиева.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 08 Маусым, 2021 10:00
Талқылау