Павлодарда 41 жастаға ер азамат 6 жасар баламен ерегесіп, оны жерге алып ұрған
Оқыс оқиға Павлодар қаласындағы балалар ойын алаңдарының бірінде болды. 41 жастағы павлодарлық 6 жасар ұл баланы көтеріп, жерге алып ұрған.
Бұл туралы Савелий Орловтың анасы айтқан. Ананың айтуынша, баласына ішімдік ішкен ер азамат қол көтерген. Күдікті бұл әрекетке баламен ерегесіп қалғаннан кейін барғанын айтқан. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері болған жайтты растады, деп хабарлайды Baq.kz.
«Полицияға шақырту түскен соң тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл жетті. Ішімдік ішіп алған 1976 жылы күдікті азамат ұсталды. Ол бірден айықтырғышқа орналастырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптаманың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – дейді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиеваның хабарлауынша, Савелий Орловтың денесі сыдырылған.
«Оның денсаулығы жақсы. Дәрігерлердің тексерісінен соң Савелий Орлов үйіне оралды. Бала амбулаториялық жағдайда ем қабылдайтын болады», – дейді Махаббат Мұхамадиева.
Тағы да оқыңыз:
Балқаштағы әуе апатынан аман қалған жолаушы оқиға туралы айтып берді
Ақтауда 11 жасар оқушы қыз баланы педофилден құтқарып қалды
Бас мүфти: Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес