Павлодарда 40 жастағы азамат ұлтарақтай жер үшін өзін өлтірмек болды
Павлодарда ер адам электр бағанасына өрмелеп шығып, жұрттың зәресін алды. 40 жастағы азамат өзіне тиесілі жер аумағын жалға берген шенеуніктерге осылай қарсылық көрсетпек болған, депхабарлайды КТК арнасының сайты.
“Мынау менің жерім, өз атыма рәсімдей алмай жатырмын . Облыс прокурорын шақырсын. Мен әйтпесе түспеймін”, – дейді ол.
Ер адамның айтуынша, электр бағанасы орналасқан аумақ оған әкесінен мұра ретінде қалған. Бірақ ол мұнысын сотта дәлелдей алмапты. Кейін жердің жалға берілгенін естіген азамат ақыры мұнда орнатылған бағанаға шығуға бел буады. Оны райынан қайтара алмаған туыстары дереу полицияға хабарласқан. Жоғары вольттық электр желісінде екі сағат тұрған ер адамды құтқарушылар да түсіре алмады. Оқиға орнына келген прокурорлардың сөзіне ғана көнген азамат ақыры төменге түсті. Ал жер телімінің шынымен де оған тиесілі екенін мойындаған әкімдіктегілер мәселені енді сотқа бармай-ақ шешеміз деп отыр.
“Мамандар техникалық қателік жіберген. Осылайша ол жер бос жер қатарына еніп, онда электр бағанасы тұрғызылған. Ал мына адамың қолында бұрынғы құжаттары бар. Қазір оған жаңа нұсқадағы акт берілуі тиіс. Кейін картадағы шекаралары өзгертіліп, оған дәл сол аумақтан тиесілі жері қайтарылады”, – дейді Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің жетекшісі Назар Жұмабеков.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды
Петропавлда жас жігіт ауру балаға ақша жинау үшін дүкенге қойылған жәшікті ұрлап кеткен
Таразда алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан сарбаздар марапатқа ұсынылмақ