Павлодарда 17 жастағы студент қыз өзіне қол салды
Көпірден секіріп кеткен бойжеткенді енді құтқарушылар судан іздеп таба алмай жатыр,деп хабарлайды КТК арнасы.
Таңертең дүкенге кеткен Рәния сол күйі үйге оралмаған. Жақындары бірден полицияға хабарласқанымен еш нәтиже болмапты. Кейін оның көпірде тұрғанын байқаған шаһар тұрғындарының бірі жақындап, тілдесуге ұмтылған екен. Бірақ бойжеткенді құтқаруға үлгермеген. Ертіске секіріп кеткен қызды қазір құтқарушылармен бірге еріктілер де іздеп жатыр. Ал оның бұл қадамға не себеппен барғаны әзірге белгісіз. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер кіріскенімен, ернеуінен асқан өзен суынан бойжеткеннің денесін табу қиынға соғуда.
“Көпір таянышынан қызды көрдім. Сырт киімін шешіп тұрды. Жақындап жеткенше ол суға секіріп кетті. Су бетіне шықты, бірақ қайта батып кетті”, – дейді оқиға куәгері Айболат Досымжанов.
Талқылау