Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 16 жастағы жетім қызды топпен зорлау ісіне қатысты сот отырысы басталды

Павлодарда 16 жастағы жетім қыздың зорлануына қатысты сот отырысы басталды. Бойжеткен әлі де балалар ауруханасында деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 жастағы жетім қыздың ісіне байланысты ақпаратты қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады. Жазбасына сүйенсек, тергеушілер сараптамасымен 3 күдіктінің қылмысы толық дәлелденген. 

“Үш күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Олардың әрқайсысында 2 адвокат бар және ата-аналары заңды өкілі болады. Осылайша бір жәбірленушіге сот отырысында әр сотталушы тарапынан 15 адам болады”, - деп жазады қоғам белсендісі. 

Сондай-ақ Дина Таңсәрі 16 жастағы қыздың денсаулығы әлі де күтімді қажет ететініне тоқталған. Қазіргі уақытта бойжеткен жүруді үйренуде. Тіпті оның әр қинала адымдаған бейнежазбасын да әлеуметтік парақшасында жүктепті. 

Еске салайық, Stan.kz бұған дейін зорлық көрген қыз жайлы жазды. Бойжеткен бұл зорлыққа шыдамай көпқабатты ғимараттың 10-қабатынан секіріп кеткен еді. 

Талқылау