AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 1-сынып оқушысы марганцовка ішіп уланып қалған

Павлодардағы мектептердің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы уланып қалған. Ол өз бетінше шкафты ашып, ол жерден калий перманганаты (марганцовка) бөтелкесін тауып алып, аузына құйып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға наурыз айында болған. Оқушы лезде ауруханаға жеткізілді.

“Полиция оқиғадан бірнеше күн бұрын осы сыныптың мұғалімі басқа оқушының аяғы мен қолындағы жараны емдеу үшін мектептің медицина қызметкерінен калий перманганатын алғанын анықтады. Таңертең медбикеге бермек препаратты бермек болған ол калий перманганатының бөтелкесін асығыс үстелдегі шкафқа қоя салған”, – дейді Павлодар облысының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр