Павлодарда коронавирустан болған асқыну нәтижесінде 1 жастағы бала жан сақтау бөліміне жатқызылды
Коронавирус инфекциясының сирек кездесетін асқынуына шалдыққан бала он сегіз күн бойы жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Зере Садақова айтып берді.
Бір жастағы бала коронавирустық пневмонияның белгілері байқалғаннан кейін реанимацияға жатқызылды.
"Ол коронавирустық пневмониямен ауырып жатыр. Өкпесі 36%-ға зақымданған. Бастапқыда емдеу оң нәтиже берген. Бірақ екінші күні оның жағдайы коронавирустың сирек кездесетін асқынуына байланысты нашарлады. Балада пневмомедиастинум болды", – деді Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Нәресте жасанды жолмен тыныс алып жатыр. Бірақ дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екенін жеткізді.
Бұл баладан басқа тағы 15 жасар науқас балалар жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн