Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында теміржолды су шайып, пойыздар жаппай кешігіп жатыр

Қызыл су шойынжолдағы қатынасты да қиындатты,-деп жазды КТК арнасы.

пойызжол

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тасқыннан рельстер бұзылып, енді жолаушылар пойызы кестеден жаңылып жатыр. Жүздеген жолаушы діттеген жеріне жете алмаса, жолға шығып қойғандары Ресей шекарасы арқылы айналып өтуге мүжбүр. Жамбыл облысында да жағдай мәз емес. Мұнда Асы өзені арнасынан асып, бірнеше ауылды су басып қала жаздады.

Еріген қар су Павлодар облысында күн сайын еселеніп жатыр. Мына кадрларда тас жолдың шайылып, тасқынның тіпті жүк көлігіне дейін аударып тастағаны көрініп тұр. Сел екпініне шойынжол да шыдамаған. Салдарынан, Дегелең-Май өткеліндегі рельс төсемдері бұзылыпты.

Осының кесірінен Павлодар облысымен өтетін пойыздар Ресей арқылы айналып өтуге мәжбүр. Кейбір пойыздан тіпті жолға да шықпай қалған. Мәселен, Семей вокзалынан 150 адам Астанаға шыға алмай отыр. Олардың жүзге жуығы осында тоғызқұмалақтан жарысқа келген балалар.

«Жататын жерде жоқ. Мен, демалыс бөлмесін босатып беруін сұраған едім. Оны да беріп жатқан жоқ»,-дейді жолаушы Бауыржан Төлегенов

Шығыс Қазақстан облысының өзінде де еріген қар суы темржолды бірнеше жерден шайып кетіпті. «Қаражыра» көмір алабына тартылған шойынжол бөлігін екпінді сел үзіп тастаған. Ал Қазақстан Темір жолы мен құтқарушылар бірлесе қатынасты реттеп жатқандарын жеткізді. Әйтсе де, Шығыста әлі де қауіп көп екен.

«Сағат 11 де жол бойын аштық. Қызылорда жағымыз басылды. Енді Шығыс Қазақстан жақ, өте қауіптілеу болып тұр. Алдын-алу шараларын жасап жатырмыз»,-дейді “Жүк тасымалы” АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы Марат Шәкенов

Еріген қар суы Жамбыл облысын да әлекке салуда. Асы өзені тасып, ауыл-аймаққа едәуір қауіп төндірді. Бұл жағдайға «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасының толып кетуі себеп. Яғни, мамандар су қоймасы жарылуынан сескеніп, шағын өзенге арқылы мол су жіберіпті.

Асы өзенінің деңгейі сыйымдылығынан бірнеше есе өскендігі байқалады. Ағысы қатты су жолдағыны жайпап келеді. Мәселен: мына менің артымдағы саяжайға асатын негізгі көпірді екпінді су шайып қана қоймай, көліктер қатынайтын жалғыз жолды да күл-талқан еткен. Соның кесірінен үш жүзге жауық тұрғын аудан орталығына қатынай алмай қиналып жатыр.

Дегенмен мамандар, қауіптің беті сейілді деп сендірді. Қазір, өзен деңгейі төмендеген. Ал, Шығыс Қазақстан облысы бойынша еспе судың жақындағаны жөнінде хабарлар көбейіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Әшімов: Экраннан ашық көрсетілетін төсек қатынастарын заңмен шектеу керек

2017 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Астанада үйлердің шатырын ұшыратын қатты дауыл болады

Танымал қытайлық “бой-бендтің” әншілері қыздар болып шықты

Талқылау