Павлодар облысында өзге ағымдағы 60 шақты адам дәстүрлі дәстүрлі дінді қабылдады
Павлодар облысында дәстүрлі емес діни ұйымдардың жетегінде жүрген 60 шақты адам қайта Әбу Ханифа махһабын қабылдаған.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Бұл туралы бүгін облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова Павлодарда өтіп жатқан «Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер» атты халықаралық конференция барысында мәлім етті. – Биыл біздің орталық жыл басынан бері 700-ге жуық іс-шара, яғни әртүрлі форумдар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар ұйымдастырды. Республикаға танымал дінтанушылар шақырылды. Сонымен қатар, әртүрлі діни секталардың қатарына кіріп кеткен 100-ден астам адаммен жүзбе-жүз сөйлесіп, 60-тай адамның Ислам дініндегі дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабын қайта қабылдауына ықпал еттік.
Атап айтар болсақ, олардың діни сенімдерін дұрыстап, құжаттарын реттеп, қызметке орналастыру жұмыстарын жүргіздік. Олардың 40-тан астамы салафиттік сенімді ұстанғандар. Сондай-ақ, дәстүрлі емес «Атажол» және Иегова куәгерлері секілді аса қауіпті топтардың жетегінде адасып жүрген азаматтар да болды. Қазіргі күні олардың туыстарымен хабарласып, жағдайларын біліп тұрамыз, – дейді Гүлназ Раздықова.
Оның айтуынша, теріс жолда жүрген бір адамның сенімін өзгертіп, дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабын қабылдату үшін бір айдан жарты жылға дейін уақыт керек. Сондықтан, мұндай ұйымдарға заңмен тыйым салу арқылы ғана тосқауыл қойылады.
Жалпы, Павлодар облысында биылғы жылы террорсистік бағыттағы әрекеттер бойынша жазаға тартылған адам жоқ. Ал, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында тұрғындарды Сирияға баруға үгіттеп, діни экстремизмді насихаттағаны үшін ұсталған 10-шақты адам қазір Павлодардың колонияларында жазаларын өтеуде.
Жіберіп алмаңыз:
Британияда рактан көз жұмған 14 жастағы қыздың денесін қатырып қоятын болды
Алматыда жалаңаш қазақ қыздары ер азаматтарға массаж қызметін ұсынуда (видео)
Полицейлердің өзін ұрған бұзақылар жұртты шошытты (видео)
Ұлттық банк қол қойылмаған 1000 теңгеліктердің жарамды екенін мәлімдеді