Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғыны үшемді өмірге әкелді

Ақсу қаласының тұрғыны үшемді дүниеге әкелді. Анасы мен балалар өздерін жақсы сезінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Любовь Ходырева айтты.

«28 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны екі ұл және бір қызды өмірге әкелді», - дейді дереккөз. - Қыздың салмағы 1,6 кг, ал ұлдары - 2,2 және 2,4 кг. Олардың анасы үшінші рет босанып отыр. Үшем кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Павлодар облысында бұл биыл дүниеге келген алғашқы үшем.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Маусым, 2020 06:48
Талқылау