AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысындағы көптеген мектептерге "бомба" қойылған

Павлодар қаласы мен облыстың кейбір орта мектептерінің электрондық пошталарына бомба қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 
мектеп

Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Мамырдың 18-і күні сағат 18.11-ден бастап кейбір орта мектептерге жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабарламалар түсе бастады", - делінген ақпаратта. 

Аудандарды айтпағанда, бір ғана облыс орталығында осындай алтыға жуық мектеп бар екен.

Бұл орта мектептерде оқу аяқталған соң оқу орындарының ғимараттарынан адамдарды эвакуациялау болған жоқ. Оқу орындарының іргелес аумағы қоршауға алынған. Оқиға орнында жедел-тергеу топтары жүр.



"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Алда тұрған терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша кінәлі деп танылғандар 5000 АЕК (15 миллион теңге немесе 35 000 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салуға және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тәртіп сақшылары Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату да жазаланатынын ескертеді", - делінген полиция басқармасының хабарламасында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр