Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысындағы Баянауылда ERG-дің халықаралық жастар форумы өтіп жатыр 

Eurasian Resources Group (ERG) халықаралық активтері мен қазақстандық өндіріс кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген жастарды бір шаңырақ астына жинады. Халықаралық форум жер шоқтығы – Баянауылда ұйымдастырылған. Бұл шараға Қазақстанның 12 қаласынан бөлек, Конго Демократиялық Республикасы, Оңтүстік Африка мен Мозамбик, Маврикий, бір қиыры тіпті Бразилиядан жалпы саны 250 жас маман қатысып жатыр. 

Шараның тақырыбы –  "ERG-дің мәдени коды: жаңа буын". Түрлі елдерден келген еуразиялықтар бас қосып, компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу ісіне корпоративтік мәдениет қалай септесетінін талқылады. Бүгінгі күннің ең өзекті сын-қатерлеріне тиімді жауап қату жолдары пысықталды. Форумның мақсаты – жастарды Топ кәсіпорындарының корпоративтік мәдениетіне баулу, біртіндеп ERG-дің жастар кеңесін қалыптастыру.   

“Әлемнің әр қиырындағы кәсіпорындарымызда биылғы жыл – "ERG-дің корпоративтік мәдениеті" жылы деп жарияланған. Сондықтан, осы кезеңде жастар форумының өтуі біз үшін ерекше құнды. Біз корпоративтік мәдениетті нығайтып, әлемнің әр тарабындағы жас мамандарымызды ұйыстыра алғанымызға қуаныштымыз. Ертеңіміздің қалай дамитыны осы жастарға байланысты екенін біз жете түсінеміз. Сондықтан, алдымызға қойған негізгі міндеттердің бірі – персоналдың құзірет, дағдыларын дамыту, қызметкерлерге қолайлы перспективалар жасау, жастардың бастамаларын барынша қолдау”, – деді ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка. 

Қазақстандағы кәсіпорындарда жергілікті жастар мен келешегі зор қызметкерлерді қолдауды көздеген бірқатар жобалар бар. Мәселен, ERG Академиясы, ERG Digital University, ERG Инноваторлар форумы, Кәсіби мамандар лигасы, LIFT жастар кадрлық резерві, ERG New Leaders, "Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі" (5000 астам студент оқытылып, кәсіпкерлік дағдыларын меңгерді), Жоғары оқу орындарындағы ERG күндері және т.б. 

Африкада компания қазір өндірістік кәсіпорындар жоспарлы қуатқа шығаруға талпынып жатыр. Топтың Бразилиядағы BAMIN атты еншілес кәсіпорынында "Жұмыс мектебі" (‘Canteiro Escola’) атты бастама қолға алынған. Ол жастарды кәсіби бағдарлап, мамандық беріп, жұмысқа орналастыруды көздейді. Былтыр жоба аясында білім алған 160 жас маман таяуда BAMIN кәсіпорнына жұмысқа тұрады. 2022 жылы 1 мыңнан астам жергілікті тұрғынды оқыту көзделген. 

“Әлемде қазір болжауға келмес шұғыл өзгерістер болып жатыр. Мұнайда, қызметіңді жалғастырудың жалғыз амалы – жылдам трансформацияға даяр болу. Нақты сіздер – жастар, осы үздіксіз өзгерістің қозғаушы күшіне айналасыздар" деп сенім білдірді. Өйткені, ауқымды миссияны атқару үшін осындай үдіксіз өзгерістер толастамауы тиіс. Жастар ERG менеджментіне септесіп,  мәдени кодты дөп басып танып, әлемдегі ең озық жұмыс берушілер санатында қалуға ықпал етпек”, - деді ERG-дің персонал жөніндегі Бас директоры Инна Губарева. 

Бүгінде әлемнің әр тарабындағы Eurasian Resources Group кәсіпорындарында жалпы саны 75 000 (мердігерлерді қоса алғанда) маман жұмыс істеп жүр. Соның  38% – 35 жасқа тол маған жас мамандар. Форум аясында ERG-дің Жастар кеңесінің отырысы өтеді. Ол Топтың барлық кәсіпорындары, соның ішінде шетелдегі активтерінде де еңбек етіп жүрген жастарды біріктіреді. Олар келешектегі жастар саясатының басым бағыттарын айқындап, алдағы күнге жұмыс жоспарын әзірлейді. Сайып келгенде бұл корпоративтік мәдениетті нығайтып, компанияның мақсаттарына жету ісіне жастарды кеңінен тартуға септеспек. 

ERG-дің өндірістік активтері Қазақстаннан бөлек Бразилия мен Африка елдерінде де орналасқан. Ондағы өндіріс көлемі де жыл сайын ұлғайып, Топтың көрсеткіштерін нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді. 

Талқылау