Павлодар облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, бес адам қаза тапты

Видеодан скрин
Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23 қыркүйек күні Павлодар – Қызылорда тас жолында, Байет ауылының маңында ауыр жол апаты болды. Toyota жеңіл көлігі жүк көлігіне соқтығысып, отқа оранды.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі жолдағы қашықтықты сақтамаған. Соқтығыстың салдарынан көлік өртеніп, ішінде болған төрт жолаушы мен жүргізуші көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында үш көлік соғылып, салдарынан 10 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген