Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында беті қайтқан жігіт қыздың туыстарын өлтіріп кеткен

Павлодар облысында жеке үй аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 3 шілдеде сағат 02.10-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында Мир көшесінде болған.

"Жеке үйдің ауласынан 46 жастағы үй иесі мен онымен бірге тұратын 48 жастағы ер адамының пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды. Марқұмның кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен жоқ, өйткені ол үйдегі бөлмелердің бірінде тығылып қалған", - делінген ПД хабарламасында.

Аталған қылмысқа күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі, екі және одан да көп адамды өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады.

"Аталған қылмысты тергеумен Павлодар облысы ПД Тергеу басқармасы айналысады. Іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Талқылау