Павлодар облысында учаскелік полиция қызметкері әйелі мен ауылдастарын соққыға жыққан
Павлодар облысында мас күйіндегі учаскелік полиция қызметкері ауылдастары мен әйелін ұрып-соғып, көлігін тоқтатпақ болғандарды басып кете жаздаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 5 ақпан күні Ақтоғай ауданы Ақжол ауылында болған. Учаскелік полиция қызметкері де мас күйінде қызметтік көлікпен ауылды айналып өтіп, өзін тоқтатпақ болған тұрғындарды басып кете жаздады.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша Павлодар облысының ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”