Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында төрт мектеп оқушысын зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысында Ақсу қаласының тұрғыны төрт мектеп оқушысын зорлады деген айыппен сотталды. Ер адам бірнеше ауыр баптар бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Сот ісі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен өтті. Ер адам бірнеше баптар бойынша айыпталды, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қарсы бірнеше рет жасалған зорлау, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, қару-жарақ пен есірткіні заңсыз сақтау бабы бойынша қаралды.

«Алқабилердің бірауызды үкімімен сотталушы барлық эпизодтар бойынша кінәлі деп шешілді. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды», - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қадырбек Сатабаев.

Сот жабық есік жағдайында өтті.

Іс бойынша төрт жәбірленуші болған, олардың кейбірі қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмаған.

«2016 жылдың 24 наурызынан бастап 2020 жылдың 4 қаңтарына дейінгі аралықта сотталушы бірнеше рет кәмелетке толмаған баланы зорлап, сондай-ақ үш кәмелетке толмағандарды зорлап және сексуалдық зорлық-зомбылық жасады», - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Соттың анықтауы бойынша, гаражды тінту кезінде атыс қаруы, ал оның пәтерінен есірткі табылған.

Еске салайық, мектеп психологтары оқушыларды сауалнама жүргізу кезінде таңғаларлық жағдай туралы білді. Тергеу барысында мектеп оқушыларына қатысты зорлық-зомбылық бірнеше жыл бойы жасалып келгені анықталды. Полиция қылмыстық іс бойынша 25 эпизод болғанын хабарлады. Ер адамның зардап шеккендер үшін кім болып келетіні хабарланған жоқ.

Талқылау