Павлодар облысында су арнасына батып жатқан балаларды ер адам құтқарып қалды
Жас жігіт балалардың айқайын естіп, суға батып бара жатқан 11 және 12 жастағы ұлдарды құтқарып қалды. Қазір құтқарылған балалар дәрігерлердің бақылауында.
Суға батып кете жаздаған жасөспірімдерді Солнечный кентінің тұрғыны 31 жастағы Денис Леонтьев құтқарды. Жас жігіттің айтуынша, оқиға 24 мамырда кешке ГРЭС-2 су қоймасында болған.
"Алдымен мен балалардың айқайларын естідім, содан кейін балаларды каналдан көлге ағын судың қалай ағызып бара жатқанын көрдім. Ол демалушыларға құтқарушыларды шақырыңдар деп айқайлады, өзі суға бас қойды. Мен баланы алып, онымен бірге екіншісіне жүзіп бардым. Өзім суда қалам ба деп қорықтым, өйткені мені ағыс ағызып бара жатты. Күшім жетіспей бара жатты. Балаларды шығара алмаймын ба деп ойладым. Сол сәтте құтқарушылар моторлы қайықпен жетті, мен бүйірінен ұстап тұрып жағалауға жеттім", - деді Леонтьев.
Құтқарушылардың айтуы бойынша, жас жігіт құтқарған жасөспірімдер жүзе алмаған. Олар ересектердің бақылауынсыз арнада болған.
"2009 және 2010 жылдары туған кәмелетке толмаған балалар рұқсат етілмеген су қоймасында шомылу кезінде суға батып кете жаздады. Жедел жәрдем тобы зардап шеккендерді орталық облыстық ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта балалар дәрігерлердің бақылауында", - деді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"2012 жылы Денис дәл осы арнада суға батып бара жатқан қызды құтқарды. Ал 2019 жылы ол қайықта аударылған полиция қызметкерін судан алып шықты. Адамдарды құтқару тәжірибесі бар, бірақ бұл жолы ол балалар үшін қатты қорықты", - деді ер адам.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ыстық күндерге қарамастан облыста шомылу маусымы әлі жабық екенін атап өтті. Құтқарушылар аудан тұрғындары мен ата-аналардан балаларды жазғы демалыста қадағалауын сұрайды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
