Павлодар облысында орман өрттеріне байланысты ауыл әкімдіктерін сотқа берді
Павлодар облысында дала өртінің орман өртіне айналуына байланысты екі әкімдікке қарсы сотқа шағым түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Орман қорғау мекемелері Железинка ауданындағы Башмачное мен Железинка ауылдарының әкімдіктерінен 3 миллион теңге өндіру туралы сотқа шағым түсірген.
"Орман өртіне алып келген дала өрті қай шаруаның жерінде басталса, сол жауапты болады. Егер жауаптыларды табу мүмкін болмаса, дер кезінде дала өртін ауыздықтау мақсатында шара қабылдамағаны үшін әкімдіктерге қарсы шағым түсіріледі", – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының басшысы Руслан Тулепбаев.
Оның сөзінше, жыл басынан бері 116 орман өрті болған. Оның 12-сі мемлекеттік орман қоры аумағында болған дала өртінен басталған. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін екі адам жауапқа тартылған. Оларға 53,6 мың теңге айыппұл салынды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн