Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында мұғалімді зорлаған қылмыскерге үкім шықты

Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімге қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанайда ер адам 11 жасар қызды ұрып-соғып, зорламақ болды

Павлодар-онлайн сайтының ақпаратына сәйкес, ол Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Оған ең қатаң бап бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны ең жоғары қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян үшін өтемақы төленді.

Еске сала кетейік, ауылда зорлық-зомбылық оқиғасы туралы Facebook-тегі "Немолчиkz" қорында айтылған болатын. 19 жастағы қыз Аққулы ауданы Майқарағай ауылында мұғалім болып жұмыс істеген. Ол түнде мектепке интернет үшін баруға мәжбүр болған.

25 ақпаннан 26-на қараған түні қызды жергілікті тұрғын иесіз қалған үйге апарып, зорлаған. Болған оқиғадан соң күдікті басқа ауылға қашып кеткен, оны бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері тауып алды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2017 және 2018 жылдары ауыл тұрғыны мал ұрлады деп айыпталған, бірақ сотта ол жәбірленушілермен татуласып үлгерген. 2010 жылы тағы бір әйел полицияға сол адамға қатысты зорлау жайлы арыз түсірген, бірақ ол жазбаша түрде рәсімделген. 

Бұл жолы іс сотқа жетіп, ауыл тұрғынына қатысты айыптау үкімі шықты. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, айыпталушы ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша: жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген зорлау фактісі бойынша (ҚК-нің 120-бабының 3-бөлігі 2-тармағы) және кісі өлтіру қаупімен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша (ҚК-нің 121-бабының 2ф-бөлігі 2-тармағы) жазаға тартылды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 14 Қазан, 2020 13:25
Талқылау