Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында Ертіс өзенінен футболшының мәйіті бес күннен кейін табылды

Бес күндік іздестіру жұмыстарының нәтижесінде «Ертіс» ФК-ның бұрынғы ойыншысы және Қазақстан жағажай ұлттық құрамасының мүшесі Роман Богдановтың денесі табылды, жеп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшының мәйітінің табылғанын Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті растады.

«10 қыркүйек күні сағат 16.53-те Павлодар облысы Кенжекөл ауылының маңында төрт құтқарушы екі қайықпен 5 қыркүйекте балық аулау кезінде суға батып кеткен 27 жастағы азаматтың мәйітін тауып, судан шығарды», – делінген департамент хабарламасында.

Ер азаматтың денесін жергілікті балықшы көріп қалған. Суға кеткен футболшының мәйітін іздеу жұмыстары бес күнге созылды. Оларға облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, марқұмның туыстары мен жақындары қатысты.

Айта кетсек, қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні сағат 14.00 шамасында болған. Екі дос балық аулауға шығып, олардың бірі жардан құлап кеткен.

Талқылау