Павлодар облысында ер азамат әйелін өлгенше сабап тастаған
Павлодар облысында өз әйелін өлімші етіп сабаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
40 жастағы азапталып өлтірілген әйелдің денесі Кенжекөл ауылында дала аэродромының маңында табылған. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы марқұмның күйеуі ұсталған. Полицейлердің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туған, ашуға булыққан ер адам әйелін өлердей етіп ұрып тастаған.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106 бабы 3 бөлімі "Денсаулыққа өлімге апарарлық зардап келтіргені үшін" заңы бойынша іс қозғалған. Күдікті 8-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазір айыпталушы уақытша тергеу изоляторын қамауға алыныпты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”