Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында ер адам 12 жасар қызды телефон арқылы азғындады деген айыппен ұсталды

Павлодар облысында ер адам кәмелетке толмаған қызды телефон арқылы азғындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

31 қазанда  аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 124-бабы “Балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Мұны өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Қамзина айтты.

"30 қазан күні сағат 12:00 шамасында Павлодарское ауылының 32 жастағы тұрғыны ақпараттық жүйені пайдалана отырып, 12 жасар қызға күш көрсетпей, азғындық әрекеттер жасағаны анықталды", – деді Қамзина.



Күдікті қамауға алынды. Ол тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды қабылдау бөліміне орналастырылды.

Облыстық білім басқармасында сенім телефондары жұмыс істейді.

1302 – отбасы, әйелдер және бала құқықтары мәселелері бойынша "111 АМАНАТ" бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы;

65 00 60  "Балаларды қорғаудың сенім телефоны";

Кәмелетке толмағандар құқықтарының бұзылғанын 8 701 0707 546 (WhatsApp) нөміріне жазуға болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында алаяқтар тобы мемлекеттік қызметкерлерді интимді суреттер арқылы бопсалаған.

Талқылау