Павлодар облысында дала өрті тұтанды
Павлодар облысының Май ауданында дала өрті тұтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сағат 14.58-де Май ауданындағы Кеңтүбек ауылының маңындағы төрт жерден құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.
Шамамен өрт аумағы – 173 га. Өртті сөндіруде ерікті өрт сөндіру жасағы мен мемлекеттік мекеменің 12 техникасы 45 адам жұмылдырлған.
"Өрт шығу аймағы елді мекендерден алыста орналасқан. Сондықтан оларға қауіп төніп тұрған жоқ", – дейді өрт сөндірушілер.
Еске салайық, шілде айының басында павлодарлық өрт сөндірушілер Шарбақты ауданына қарасты "Ертіс орманы" орман шаруашылығында 1,4 гектар аумақта, одан кейін Ертістің жайылмасында 70 гектар аумақта болған өртті тез арада анықтаған болатын.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”