Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында интимдік қызмет ұсынған бес массаж салоны анықталды

Павлодар мен Екібастұздағы арнайы операция барысында бес секс-притон анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Павлодар облыстық ПД УБОП қызметкерлері облыс аумағында интимдік қызмет ұсынған қылмыстық топты анықтады. Павлодар мен Екібастұз аумағында жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысқан топ өтірік  массажы салоны ретінде жұмыс істеген.

“25 тінту іс-шарасы өткізілді, полиция органдарына 30-дан астам адам жеткізілді, оның ішінде әкімші, массажисттер және осы мекемелердің клиенттері бар. Тінту барысында 10 млн теңге және 1,6 мың АҚШ доллары, екі аңшы мылтығы, екі газ тапаншасы, кастет, рөлдік ойындарға арналған киім-кешектер мен маскалар, қамшы, кісендер, прайс-парақтар, визиткалар және сыйлық сертификаттары тәркіленді”, – деп хабарлады Павлодар облыстық ПД УБОП бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Полицейлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсететін жоғарыда аталған массаж салондарының иелері мен ұйымдастырушыларын анықтады.

Қазіргі уақытта төрт факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 309-бабы “Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Талқылау