Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл тұрғындары ішімдік ішіп жұмыстан қуылған әкімді қайтаруды талап етті

Павлодар облысындағы Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың тұрғындары жұмыс орнында мас күйінде болғаны үшін жазаланған әкім Бауыржан Бозтаевты қызметінде қалдыруды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Обозрение недели" басылымына сілтеме жасап.

Әдеп жөніндегі кеңесте Бозтаев наурыз айының ортасында үйлерді су басудан сақтау үшін, су бұрумен айналысқанын, қатты жаурағандықтан жылыну үшін ішімдік ішкенін айтқан болатын.

Ауыл тұрғындары әкімді қорғап ұжымдық хат жазған. Бірақ әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оны ескермепті.

Ауыл тұрғындары әкімді қызметтен босатуға қарсы екендерін, оны өздері сайлағанын, әкімді орнында қалдыруды талап ететіндерін жеткізген.

"Бұл нәрсені қасақана істеді деп ойлаймыз. Кейбір адамдар оның әкім болғанын қаламайды”, – дейді ауыл тұрғыны Светлана Бельгер.

Тұрғындар әкімдерінің ауыл үшін барлығын жасағанын айтты.

"Екі айдың ішінде Жансерік үш жылда жасалмаған жұмыстар атқарылды, біз хаттың тақырыбына түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз, оның жұмыс орнында ешқашан мас күйінде болғанын көрмедік. Бір рет жаңылысса, түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз, өйткені ол біз ауыл үшін көп нәрсе жасады", – деді әкімдікте өткен жиында жергілікті тұрғын.

Ауыл халқы Екібастұз қаласы әкімінің атына ұжымдық үндеу жазды. Хатта лауазымды тұлғаға жаза тағайындалғанымен, қызметінен босатпау сұралды. Құжат астында 150 адам қол қойған. 

Сайлаушылардың талабына қарамастан, Бозтаев қызметінен босатылды. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің бұйрығымен тәртіптік жаза қолданылды.

Талқылау