Павлодар облысында ата-анасы балаларын үш күн бойы үйде қамап ұстаған
Павлодар облысында ішімдікке мас ата-ана кәмелетке толмаған үш баласын үш күн бойы мектепке жібермей, үйде қамап ұстаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Павлодар облысының прокуратурасы екі ата-ананың да бірнеше күн бойы ішімдік ішкенін анықтады. Сонымен қатар олардың жұмыссыз екені белгілі болған.
"Павлодар аудандық прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен, білім бөлімімен, ішкі істер бөлімімен, денсаулық сақтау органдарымен келісе отырып, қабылданған шаралардың арқасында балалар босатылып, оларға алғашқы қажет көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн