Павлодар облысында 8-сынып оқушысы көрші үйді өрттен алып қалды
Павлодар облысы Теренкөл ауылында көрші үйден шыққан өртті 8 сынып оқушысы сөндірген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: instagram.com/pavlodar_tjd/
Мектеп оқушысының ерлігі жайында Павлодар облыстық ТЖД әлеуметтік парақшасында жазды. Дерекке сүйенсек, жасөспірім өрт сөндірушілері келгенше көрші үйде тұтанған өртті жалғыз өшірген.
“Үйде отырғанмын, терезеден көрші үйде түтін шыққанын байқадым. Бірден барғанымда құрғақ шөптің жанып жатқанын көрдім. Алғаш сасқалақтап қалғаным рас. Бірақ кейін әкемнің “қиын кезде ешқашан саспа” деген кеңесі есіме түсті. Осылайша қолыма суқұятын ыдыс алып өртті сөндіре бастадым. От күш алып, жайылып кетпесе деген ойда болдым”, – дейді мектеп оқушысы.
Кейін оқиға орнына өрт сөндірушілері келіп, жалынды толықтай өшірген. Данил Мурашкин – 14 жаста. Бос уақытында велосипедпен жүруді жақсы көреді екен.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”