Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 40 градус аяз болады

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зима мороз

Фото: NGS.RU

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысында қарлы боран, көктайғақ болады күтілуде. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыста, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр, күндіз облыстың көп бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.



6-7 желтоқсан күндіз аймақта ауа температурасының облыстың солтүстігінде 25-30 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 8 желтоқсанда түнде 32-37 аяз, облыстың солтүстігінде қатты аяз минус 40 градусқа дейін.

Талқылау