Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары тұтқындалды
Павлодар облысында полиция департаменті басшысының орынбасары тұтқындалды. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып ынтымақтастық туралы меморандум аясында Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары тұтқындалғанын мәлімдеді.
Қазір істің мән-жайын анықтау үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.
Талқылау