Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар маңында адам өліміне әкелген жол апаты: Көлікті елордалық күзет қызметінің басшысы мас күйінде басқарған

"Павлодар-Семей" тас жолында  мас күйінде жол талғамайтын көлік тізгіндеген ер адам жол-көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан 71 жастағы ер адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Марқұмның әйелі жол талғамайтын көлікті астаналық жоғары лауазымды полицей тізгіндегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: www.europarl.europa.eu

Павлодар тұрғыны Ирина Зорина желіде жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді. Әйелдің айтуынша, оның күйеуі 57 жастағы досы және 12 жастағы ұлымен бірге Волга маркалы көлікпен үйіне қайтып келе жатқан.

"Менің күйеуім 27 шілде күні Кенжекөл мен Байдалы ауылдарының арасында болған түнгі жол-көлік оқиғасында қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас күйінде күйеуімнің "Волгасын" басып озуға бел буып, оны қарсы жолаққа итеріп жіберген. Сол жерде КамАЗ және басқа көлік арт жағынан соқтығысып, нәтижесінде ол шұңқырға аударылған. Күйеуім оқиға орнында көз жұмып, оның жолаушылары ауруханаға жеткізілді", – деді Зорина.

Павлодар облысының полиция департаменті жол апаты фактісін растады.

"27 шілдеде "Павлодар-Семей" тас жолында жол талғамайтын көлік жүргізушісі ГАЗ-31029 "Волга" автокөлігімен соқтығысып, соқтығыстың салдарынан қарсы бағытқа шығып, қарсы келе жатқан көліктерге соқтығысқан. Содан кейін ол шұңқырға аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Волга" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болдыү Екі жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мас күйінде болған. оЛ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Полицейлер павлодарлық әйелдің бас тарту хатын жазу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.

"Әйел сол жердегі тергеушінің бірдеңе айтқанын жеткізді. Алайда өзі кешеден бері бұл істі тергеп жатқан тергеушіге келмеген. Ол тергеушімен кездеспеген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жарақат алған 57 жастағы "Волга" жолаушысы қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ер адамның басы жарақаттанған, миы шайқалған, қабырғалары сынған, кеуде қуысының жабық жарақаты бар", - делінген №1 Павлодар қалалық ауруханасының хабарламасында. 

Ер адамның баласының миы шайқалған күйде Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Павлодар-Семей тас жолында мас күйінде рөлге отырып, адам өліміне әкелген апат жасаған жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қамауға алынды. Оны қамауға алуға санкцияны Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарды.

Соттың мәліметінше, ұсталғанға қатысты санкция бір күн бұрын қаралған. Бұл ақпаратты Павлодар облысының полиция департаменті растады.

"28 шілдеде санкция болып, ол екі айға қамауға алды", - делінген хабарламада.

Фото: pk.adata.kz

Жол талғамайтын көлікті Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметінің басшысы басқарған.

Павлодар сотының сайтында жарияланған тергеуші және қамауға алынған тұлғаның толық аты-жөні Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі департаменті бастығының деректерімен бірдей екенін айта кетейік.

Талқылау