Павлодар қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Павлодар қаласының жаңа әкімі болып Хасар Хабылбеков тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұған дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.
Хасар Хабылбеков 1986 жылы 12 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын ("Заң бакалавры" мамандығы бойынша), 2014 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген ("Көлік құрылысы", "Техника және технология магистрі" мамандығы).
2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Павлодар облысының атқарушы органдарының түрлі лауазымдарында қызмет атқарған.
2016 жылы "Казстрой Инжиниринг ПВ" ЖШС директоры болды.
2017 - 2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас инспекторы болды, Шарбақты және Тереңкөл аудандары, Екібастұз, Павлодар қалалары әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылы Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2021 жылдың маусым айынан 2021 жылдың тамыз айына дейін "Павлодар облысы құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет етті.
2021 жылдың тамыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсынына дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімінің шешімімен Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов қызметінен босатылғаны туралы жазған болтанбыз.