Павлодар қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
4 қыркүйек күні қызметінен босатылған Павлодар қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми деректерге сәйкес, ол Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметіне келді.
"Ержан Иманзайыпов Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды", – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Иманзайыповтың Павлодар қаласының әкімі қызметінен жағымсыз себептермен босатылмағаны айтылды.
Еске сала кетейік, 4 қыркүйек күні Павлодар облысы әкімінің өкімімен Ержан Иманзайыпов Павлодар қаласының басшысы қызметінен босатылған еді. Сондай-ақ 12 қыркүйекте Хасар Хабылбеков Павлодар қаласының әкімі болды. Осы тағайындауға дейін ол Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”