Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар әкімі жүріп-тұруына 10 мың теңге сұрап, хат жазған студентке жауап берді

Павлодар әкімі Асаин Байханов студенттің өтініш айтып, хат жазғанын мәлімдеді. Ол қала басшысынан ақша беруін сұраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Асаин Байханов

Студент өз хатында шәкіртақының ай соңында ғана түсетінін айтып, әкімнен 10 мың теңге бере тұруын сұраған.

"Сіз әкімсіз ғой, қалтаңызда үнемі тиын болады. Мен сізді, әкімсіз және миллионерсіз деп жатқан жоқпын. Жоқ, мен жәй сіздің жағдайыңыз менікінен сәл жақсырақ екенін түсінемін. Сондықтан, өтінемін, менің Каспиіме 10 000 аударыңызшы. Жүріп-тұрғанға. Әйтпесе шәкіртақы тек айдың аяғында үседі", – делінген студент хатында

Әкім студенттің өтінішін орындап, хатына жауап берген. Сонымен қатар ақша сұраудың орнына жұмыс істеу керегін айтты.

"Келістік, осы жолы мен сізді қолдаймын және көмектесемін. Бірақ сіз, көмек сұрамай, еңбек етуіңіз керек. Мен өркениеттен алыс ауылда туып-өстім. Қалтамда бір тиынсыз қалаға келдім. Бұл, керісінше, маған күшті мотивация болды. Шаршамай, өмір сәтсіздікке толы болғанына қарамастан, құлшынысты жоғалтпай жұмыс істедім. Сондықтан, ешкім сізге жайдан-жай ештеңе бермейді, аянбай жұмыс істеу керек, ең бастысы жалқау болмау", – деп кеңес берді әкім.

Асаин Байханов Павлодар әкімі болып 2021 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол Павлодар облысының әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

Талқылау