Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үздік әйел қанша тырысса да, ең нашар еркектен бір саты төмен болады": Қазақстандық әйелдер не үшін патриархалды құндылықтарды ұстанады

Әр әйел патриархалды көзқарастарды, моральді, нормаларды бала кезден сіңіреді. Демек бұл қызды қалай тәрбиелегенге тікелей байланысты. Қазақстандағы патриархалды құндылықтарды ұстанатын әйелдер кімдер? Олар не үшін мұндай көзқарастарды ұстанады? Феминистер мен патриархалды көзқарасты ұстанатын қыздардың арасында қандай айырмашылық бар? Бір қоғамда осы екі көзқарас өмір сүре ала ма?  Stan.kz ақпарат агенттігі феминист қыздарға аталған сұрақтарды қойып, олардың өміріне патриархалдық құндылықтар қалай әсер ететінін сұрап білді.

 

Әйелдер патриархалды принциптерді не үшін ұстанады?

 

Феминист қыз, белсенді Фариза Оспан әйелдер бала кезден патриархалды көзқарастарды, стереотиптерді ұстанбай өмір сүретін қоғам бар екеніне көзім жетеді, дейді. Айтуынша, мұндай бағытты ұстану бұл тікелей қыздың қалай тәрбиленгеніне байланысты.

"Ата-анамыз бала кезден таңған көзқарас, жақын адамдарымыз, мұғалімдер, жаттықтырушылар, ата-апаларымыздың жүріс-тұрысы, пікірлері әсер етеді. Кафеге шыққанда, кино, мультфильмнен көретін идеялар барлығы қыз баланың көзқарасының қалыптасуына тікелей әсері бар.

Біз патриархалды идея мен мәннің ортасында өмір сүреміз, сондықтан осы көзқарасты қабылдауға, оларға бейімделуден басқа шарамыз жоқ", - дейді ол. 

Себебі бала кезде бізде сыни ойлау қабілетіміз қалыптаспаған. Ересек адамдардың әрекетінің бәрі бізге дұрыс болып көрінеді, дейді фемшіл ару. 

"Патриархалды бағытты ұстану - қауіпсіз. Сен бұл қоғамға, құндылықтарға қарсы шықпайсың. Басқалардан ерсі көрінбейсің. Осыған байланысты қауіпсіздіктемін деп ойлайсың. Шын мәнінде біздің патриархалды қоғамда ештеңе толықтай қауіпсіз емес. Тек осы патриархалды жүйені жойған кезде ғана, заң әрбір адамды қорғайтын кезде, гендерлік теңдікке жеткенде бұл адам құқығын қорғауды білдіреді. Ер адам, әйел адам, трансгендер, бинарлық тұлға әркім үшін. 

Кез келген әйел - феминист

Меніңше, феминистер мен патриархалды құндылықтарды ұстанатын әйелдер арасында айырмашылық өте аз. Бізде ортақ нәрселер көп", - дейді ол. 

"Феминистік қоғамдастықта көпшілігіміз осылай ойлаймыз. Барлығымызда Қазақстандағы патриархалды қоғамда әйел ретінде өмір сүру бойынша тәжірибе бар. Көпшілігіміз дискриминацияға ұшыраймыз: алымсақтық, зомбылық, жұмыс орнындағы келеңсіздіктер, тұрмысқа өз еркіңнен тыс береді деген қорқыныш, сексуалды құлдыққа алып кете ме деген қорқыныш. Осы себепті әйелдер бір-бірін өте жақсы түсінеді. Әйел патриархалды көзқарасты ұстанып: үйде ер адам басшы, оған қызмет ету қажет, әйел тамақ істеп, зорлыққа көніп жүре беру қажет деген ұстанымдармен өмір сүрсе де, мені оны кінәламаймын, сөз таластырмаймын.  Бұл әйелге көмек керек. Себебі оның бойында қорқыныш бар, онын әбден қорқытып қойған. Өзін қауіпсіз сезінбегендіктен әйел осындай сөздер айтады. Егер ол ер адамдарды қолдасам, осы жүйенің "адамы" боламын деп ойлайды", - дейді ол. 

Фариза Оспан әйелдер бір-біріне кез келген жағдайда қолғабыс етіп, қолдау көрсетуі қажет екенін айтады.

"Алайда бұл жүйеде, патриархатта тек ер адамдар ғана "басшы". Мұндай әйелдерге сауаттылық, қолдау жетіспейді. Және оның өзі әйелдер тарапынан болуы керек. Біздің қолымыздан не келеді? Феминист не феминист емес деп бөлмей, барынша бір-бірімізге қолдау, құрмет, ниеттес болу қажет", - дейді ол.

Айтуынша, мұндай патриархалды көзқарастар менің шымбайыма бататын кездер болды. 

"Іштегі мизогиниялық (қыздарға, әйелдерге деген жек көрініш, қорлау) бағытты ұстанғанда әйелдерді неге дұрыс көзқарасты ұстанбайды деп кінәлайтынмын. Алайда егер әйел шын мәнінде өзін отбасылық өмірге, күйеуін қамтамасыз етуге жұмсағысы келсе, бұл таңдауды құрметтеуіміз керек. Оларға қысым көрсетіп, неге мұндай жолды таңдадың деуге болмайды. Әйелдер немен айналысқысы келсе де, өз еркі", - дейді ол. 

 

Біздің қоғам ешқашан қыздар мен ерлер арасындағы теңдікке жете алмайды

Блогер Марина Шарипова қыздар да ұлдар да, бәрі патриархалды қоғамда өмір сүріп жатқанын айтады.

"Бала кезден ұл балаларға "жылауға болмайды", "мықты болуың керек", "қуыршақтармен ойнама", "түрлі-түсті киім киме" деп тәрбиелейді. Қыздарға осы секілді шектеулер мен тиымдарды естіп бойжетеді. Патриархалды қоғамда өмір сүріп жүрген феминистерге біреуіне көбірек еркіндік берілсе, енді біреуі не азырақ берілген", - дейді ол. 

Әйелдер бизнеспе, шығармашылықпен айналысса, бұл тек олардың ерлері, отбасы осыған рұқсат бергендіктен ғана болады, дейді блогер. 

"Меніңше, біздің қоғам ешқашан қыздар мен ерлер арасындағы теңдікке жете алмайды. 

Әйелдер тарапынан жиі еститін "дискриминациямен бетпе-бет келмедік", "маған ешкімнің қол ұшы да тимеген, себебі мен қарапайыммын" деген пікірлері қисынсыз. Егер әйел ақылдырақ, қарапайымдау болса, оның өмірі дұрыс болады, зорлық, зомбылықтан қорғанып жүреді деген сөз емес. 

Қыздар да, ұлдар да тұрмысқа қажетті шаруаларды өздері істей алуы керек. Себебі ұл бала да ертең шетелге оқуға кетуі мүмкін, жалғыз өмір сүруі мүмкін", - дейді Шарипова. 

Айтуынша, 8 наурыз қыздарға гүл сыйлаудың мейрамы ғана емес, қоғамда теңсіздік бар екенін еске салатын уақыт.

"Сондықтан қазір мейрамның позициясы өзгеріп жатқаны қуантады", - дейді ол.

 

"Үздік әйел қанша тырысса да, ең нашар еркектен бір саты төмен болады"

Фемшіл қыз Наркес Булекова әйелге бала кезінен патриархалды көзқарастарды сіңіреді деген пікірмен келісетінін айтады. 

"Біз бәріміз өмір сүріп жүрген патриархалды қоғамда езушіліктегі топты яки әйелдерді кішкентай кезінен бастап ыңғайлы болуға тәрбиелейді", - дейді ол. 

Айтуынша, үздік әйел қанша тырысса да, ең нашар еркектен бір саты төмен болады. 

"Бұл құбылысты сипаттау үшін әйелдің гендерлік әлеуметтану акронимін егжей-тегжейлі зерттеу керек. Бұл әйелдің өзіне, өздініне еркек көзі арқылы қарауы. Яғни патриархалды қоғамда әлем әміршілері - еркектер. Ал әйелдер бұл қоғамда ешқашан еркектен бөлек толықтанған тұлға болып саналмайды. Үздік әйел қанша тырысса да, ең нашар еркектен бір саты төмен болады бәрібір.

Патриархат әлемінде қанаушы - еркектер, ал әйелдер сол қанаушылықтың бірден-бір объектісі. Осы логикадан бері тербелсек, қанаушы мен оның объектісі бірлікте өмір сүру ол бәрібір зорлық түрі. Ал фемшілдер керісінше осы әділсіз жағдайды өзгерткісі келеді, - дейді феминист қыз.

Наркес өзін әйелдердің патриархалды қағидаларды ұстануы мені әйел ретінде қынжылтады, дейді.

"Мұндай көзқарасты саналы түрде таңдайтын еркек ол міндетті түрде артықшылықтарға толы өмірін әділдік, теңдік үшін қиғысы келмейтін еркек. Ал әйелдер көбіне жәй ғана ақпараттың жоқтығынан жоғарыдағыдай көзқарасты ұстанады. Не болса да, екеуіне де өздігімен білім алып, таптаурындардан арылып, ізденіс жүргізу керек. Еркектер сексизмді қолдап-қолпаштап жатқаны мен үшін қалыпты жағдай", - дейді ол.

Талқылау