Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пәтерлер мерзімінен кешіктірілуде": Алматыда тұрғындар баспанасыз қаламыз деп алаңдаулы

Алматыда Kokjiek City тұрғын үй кешенінің үлескерлері далада қалуы мүмкін. Тұрғындардың айтуынша, қыркүйек айында табысталуы керек үй әлі күнге дейін дайын емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Алматыдағы салынып жатқан алғашқы үйлер қыркүйек айында тапсырылуы керек болған. Компанияның клиенттері жұмысшылар құрылысты тоқтатып, техниканы объектіден шығарып тастағанына сенімді.

Алматылық Ясинжан Рахмидинов отбасымен жаңа пәтерге көшпек болған, ол бұл пәтерді бір жыл бұрын атып алған көрінеді. KOKJIEK City тұрғын үй кешеніндегі пәтер қараша айында келісімшарт бойынша дайын болуы керек. Ер адам әлі дайын емес үйі үшін несие төлеуге мәжбүр. Ол әйелі мен үш баласымен пәтер жалдап тұруда. 

“36,2 шаршы метр бір бөлмелі пәтерге 12 миллион 127 мың төледім. Қараша айында жүз пайыздық төлем жасалды. Қоныстанатын мерзімі келді, үй әлі дайын емес! Мұнда ешқандай техника жоқ. Мұнда қанша рет болдым, еш жерде жұмыс істемейді”, – деді Ясинжан Рахмидинов.

Тұрғындар ғимараттың құрылысы қалай жүріп жатқанын көру үшін нысанға жиі келеді екен. Алайда бірнеше айдан бері ештеңе өзгеріс жоқ дейді. Үлескерлер ғимараттың сапасына да наразы. Олар комфорт класындағы пәтерлер уәде етілген. Бірақ олар бұл тіпті эконом сапаға да жарамайтынын айтады.

“Құрылыс баяғыда тоқтаған, қанша ай, жаз бойы осылай тұр. Олардың үш жұмысшысы ғана бар, басқа ешкім жоқ. Міне, осы бастап қабырғаларында сызаттар бар”, – деді Хуршида Азиева.

Үлескерлердің айтуынша, жазда құрылыс тоқтатылған, содан кейін жалғасты. Ал осы демалыс күндері алаңнан материалдар мен техниканың көп бөлігі шығарылған. Себептерін ешкім түсіндірген жоқ.

Жоспар бойынша осы тұрғын үй кешенінің аумағында 22 тоғыз қабатты үй салыну керек. Қазір ғимараттардың терезелері мен есіктері жоқ жақтаулары ғана тұр. 400-ден астам отбасы пәтерін күтуде.

Үлескерлер құрылыс компаниясының өкілдерімен сөйлесуге тырысқанымен, олар байланысқа шықпайтынын айтты. Енді тұрғындар пәтерсіз, ақшасыз қаламыз деп алаңдаулы.

“Қоңырауларымызға менеджерлер де, басшылық та жауап бермейді. Пәтерлеріміздің қашан берілетінін білейік деп жиналдық”, – деді үлескер Жәнібек Алтыбасаров.

Компания өкілдері бұл жосықсыз мердігердің кесірінен проблемалар туындағанын айтты. Онымен келісім бұзылып, қазір басқа құрылысшылармен келіссөздер жүргізілуде. Келесі аптада жұмысты қайта бастауға уәде берілді.

“Мердігерлермен проблемалар болды. Оларды сотқа береміз, өйткені сапасыз жасалды. Кран, техниканы әкетіп жатыр. Электр және коммуналдық қызметтер қалды”, – деп мәлімдеді Atriumplus құрылыс компаниясының бас директоры Аманжол Тұрамұратов.

Бірінші кезеңдегі үйлер 80%-ға дайын, бірақ компанияның қорында әлі екі ай бар. Құрылысты желтоқсан айында аяқтауға уәде берілді. Үлескерлер бірақ күмәндана қарайды, сол үшін ақшаларын қайтаруды сұрады.

Талқылау