Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пәтеріне қыздарды жиі алып келетін": БҚО-да қатігездікпен өлтірілген кәсіпкер туралы тың деректер айтылды

Оралда мамандандрылған ауданаралық сотта қатігездікпен өлтірілген кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің ісіне қатысты сот тыңдалымы өтті. Мұнда куәгерлердің бірі марқұмға қатысты жаңа деректермен бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Надежда" басылымына сілтеме жасап. 

еркін мұханғалиев

Мария есімді куәгердің айтуынша, мекемелердің бірінде жұмыс істегенде кәсіпкер оған азғындық жасап, жеке куәгілігін тартып алған. Сонымен қатар жалақы төлемеген, ал інісі ұрып-соғып, өзін зорлағанын мәлімдеді. 

Куәгер бұл оқиғаның 2007 жылы кәсіпкер иелік еткен "Астория" кафесінде болғанын қосып өтті. Бұл кезде ол 18 жаста болған екен. Жұмысқа оқуының ақшасын төлеу үшін барған. 

"Асторияға" даяшының керек екені туралы хабарламаны көрдім. Әңгімелесуден өтіп, келесі күні жеке куәлігімді алып келуді айтты. Екінші күні келгенде құжаттарымды тартып алып, "Сен бізге куәлігіңді сеніп бересің, ал біз саған кафені сеніп тапсырамыз" деді. Еңбек шартын жасасқан жоқпыз.

Бір ай жұмыс істеген соң маған және өзге қызметкерлерге жалақы төлемеді. Наразылық білдіргендерді жұмыстан шығарып жіберді. Студент болғандықтан менің жолға да ақшам болмады. 1,5 ай өткен соң жалақымды сұрадым", – деп қосты ол. 

2007 жылдың 11 наурызында Марияны ұрып-соғып, "Астория" кафесінің жертөлесінде зорлаған. Сөзінше, мұны Еркін Мұханғалиевтің інісі жасаған. 

"Осыны істеген соң ол "Еркін маған рұқсат берді, мен де саған қалағанымды жасай аламын” деді. Тағы жеке куәлігімді тартып алғандарын, орманға апарып көміп тастаса да ешкім таппайтынын айтты. Бұл кафеде, куәгерлердің көз алдында болды", – деді әйел. 

Зардап шегушінің адвокаттары кәсіпкермен сексуалды байланыс болды ма деген сұраққа куәгер оның тек азғындық жасағанын айтты. Сонымен қатар Мұханғалиевтің бейәдеп ұсыныстарды өзге де қыздарға ұсынғанын мәлімдеді. 

"Еркіннің екінші қабатта пәтері болды, мұнда төсектес болуға келіскен қыздарды жиі алып келетін. Мені де шақырды. Біздің бөксемізден ұрған сәттері өмір бойына есімде сақталып қалды, ол бізге "Сиыр сүт беруі үшін оны бағу керек" дейтін", – деп қосты ол. 

Куәгер зорлаған күні-ақ полицияға шағым түсіргенін айтқан. Бастапқыда Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша іс қозғалған. Кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қозғаудан бас тартылған. 

"Барлық дәлелдер, сот-медициналық сараптама, ұрған іздері бола тұра мен мұны дәлелдей алмадым. Себебі Еркін менің көзімше тергеушілерге ақша берген. Бірақ мұны прокуратурада дәлелдемедім, себебі бейнежазба керек деді", – деп түсіндірлі әйел. 

Марияның сөзінше, Мұханғалиев арызын қайтарып алуын сұрап, ақша ұсынған. Бірақ ол бас тартып, кінәлілерді жазалауға бел байлапты. Сөзінше, оның ісі бойынша төрт тергеуші ауысқан. Қоңырау шалуға уәде беріп, соңында ешкім хабарласпапты.

Мария ақшаны алмаған соң кәсіпкер қоқан-лоқы көрсете бастапты. Айтуынша, Мұханғалиев жәбірленуші емделіп жатқан ауруханаға адам жіберген. Ол Марияны тоңазытқышқа тақап, ақшаны алмаса түнде оған бір нәрсе болатынын айтыпты. 
Таңертең қыз жарақаттарына қарамастан ауруханадан қашып кеткен екен. Ата-анасы күтіп алып, ауылына кеткен. Алайда ауылда да оны қудалау жалғасыпты.

"Мен денсаулығымнан айырылдым, оқуымды аяқтай алмадым. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығында білім алғанмын. Бас жарақатыма байланысты жаттығуға қатыстырмады. Содан кейін өзіме қол салмақ болдым, себебі бұл ұят әрі масқара еді. Ауылда да бұл туралы барлығы білді. Бірақ бұл кезеңді еңсеріп, күйеуге шықтым. Балаларымды дүниеге әкелдім, мен – бақытты анамын", – деді ол. 

Айта кетейік, 2022 жылдың тамызында Оралда "Рахат-Лукум" мен "Гюльчатай" мейрамханаларының иесі Еркін Мұханғалиевті қатігездікпен өлтіріп кеткен еді. Күдікті деп танылған Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді оған көптеген пышақ жарақатын салған. 

Талқылау