"Пәтерді тарақан басып, қоқыс таудай үйілген": Атырауда отбасы адам төзгісіз жағдайда тұрып келген (видео)
Видеодан скрин
Атырауда Привокзальный шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде отбасы адам төзгісіз жағдайда тұрып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көршілердің шағымынан кейін пәтердің есігін ашқан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары тау боп үйілген қоқысқа тап болған. Қолаңсы иістен үйге арнайы киіммен әрең кірген мамандар пәтерде адамдар тұратынын, тіпті бөлмелердің бірінде кішкентай баланың жатқанын көреді.
Белгілі болғандай, ата-ана кішкентай баламен бірге қоқыстың арасында тұрып келген. Тексеруден кейін пәтер тұрғындарын полиция алып кеткен.
Көршілердің айтуынша, олар пәтерден шағатын жағымсыз иіске бірнеше рет әртүрлі қызметтерге шағымданған, бірақ тек жағдай шектен шыққан кезде ғана әрекет жасалған. Енді коммуналдық қызметкерлер қоқысты шығарып, пәтерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуі қажет.
Тұрғындар осы жолы мәселе тек қоқысты шығарумен шектелмей, бала тағдырына көңіл бөлініп, жауаптылар тарақандар мен қоқыс арасында өсіп жатқан баламен айналысады деп үміттенеді.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
