Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтерден шығарып жіберген: Алматыда көпбалалы ана дүние-мүлкімен жазық далада отыр

Алматыда жалғызбасты ана 4 баласымен баспана зарын тартып келеді. Бүгін жалдамалы пәтерден де шығып қалдым деген ана күннің суығында шиеттей балаларымен қайда барарын білмей дал. Балалардың үлкені – 11 жаста, ең кішісі – небәрі 4-те. Ал әкімдік қызметкерлері бұл отбасыға қолдан келген көмектің бәрін жасап жатырмыз дейді.

Пәтерден шығарып жіберген: Алматыда көпбалалы ана дүние-мүлкімен жазық далада отыр

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Көпбалалы ана Гүлім Болатжан тұрып жатқан жалдамалы пәтерінен шығып қалған соң заттарын жазық далаға алып келіпті. 
«Бір бөлмелі үйге 100 мың теңге төледік. Оның газы да жоқ болатын. Сол жерге келгелі балалар сабаққа барған жоқ. Негізінде қызымның мүгедектігіне байланысты жәрдемақыға күн көріп отырғанбыз», - дейді көпбалалы ана.

Гүлімнің үлкен қызы – мүгедек. Бірақ тұрақты тұратын орным жоқ деген жалғызбасты анаға әкімдіктегілер үнемі көмектесіп отыратындарын жеткізді. Тіпті, жалдамалы пәтердің ақысын төлеп берген кезі де болыпты. Алайда көпбалалы ананың қалауы басқа, дейді.

«Бұл кісі жай жеркепе емес, жағдайы жасалған үш бөлмелі үй керек деп отыр. Ол әр пәтер иелерімен сөзге келіп қалады. Бір айдың ішінде үш пәтер ауыстырды. Біз демеушілердің арқасында екі бөлмелі, үш бөлмелі пәтер тауып береміз, ал ол кісі пәтер иелерімен дұрыс болмай, салдарынан шығарып жіберіп жатыр», - дейді Медеу ауданының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Жасұлан Тілепов.

Сонымен қатар Гүлім соңғы екі айда балаларға алатын 21 мың теңге жәрдемақының да тоқтатылғанын айтып налиды. Егер әкімдіктегілер баспана жағынан көмек бермесе, президентке хат жазамын деп бекініп отыр. 

Ал әкімдіктегілер жәрдемақының осы айдың соңына қарай түсетінін айтты.

Талқылау