Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пәтер жалдап тұрамыз, тамақ қымбат": Маңғыстауда құбыр шығаратын компанияның қызметкерлері наразылыққа шықты

Маңғыстау облысында құбыр шығаратын “Арселор Миттал” компаниясының 80-ге жуық жұмысшысы жалақыларын көтеруді сұрап, наразылыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Айлығымыз 90 мың, ештеңеге жетпейді. Қымбатшылық. Айлық көтеруін сұраймыз, осы мекемеде, 100 пайызға. Пәтер жалдап тұрамыз. Тамақ қымбат. Жартысын несиеге төлейміз”, – дейді жұмысшылар. 

Құбыр шығаратын мекеменің жұмысшылары 15-сәуірден бері жұмысын тоқтатқан. Наразылар компания басшыларына үш талап қойып отыр. Алдымен айлықты 100 пайызға өсіріп, мекемедегі ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыруды, сондай-ақ компания директорын қызметінен босатуды талап етуде.

Су, газ және мұнай компанияларына арналған темір құбырлар шығаратын бұл кәсіпорында 200-ге жуық жұмысшы бар. Соның тең жартысы жұмысты тоқтатып ереуілдетіп тұр. Наразы топ осы уақытқа дейін басшылыққа бар мәселені айтқан екен. Алайда олар бізді тыңдауға құлықсыз дейді жиналғандар. Ал облыстық еңбек инспекциясы наразы жұмысшылардың талабын заң шеңберінде шешуге шақырды.

“Татуластыру комиссиясы бүгінгі күні құрылды. Қазір өзара сөйлесіп жатырн. Еңбек дауындағы мәселенің бастысы - жалақы көтеру мәселесі. Ол бойынша түсіндірмt жүргізілді. Яғни олардың жұмысты тоқтатуы заңсыз екендігі ескертілді. Тек келісу, татуластыру комиссиясы арқылы шешілу керектігін, арасынан өз өкілдерін сайлап, солармен шешілу керектігі ескертілді”, –дейді Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Бауыржан Кемалов. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 19 Сәуір, 2022 19:13
Талқылау