Пәтер сатып аларда алаяқтардың құрығынан қалай сақтану керек - Мамандар кеңес берді
Астанада тұрғынға риэлтор алма аллеясының жанында орналасқан люкс сапалы тұрғын үйді уәде етіп, бірақ лифті жоқ жерде орналастырған. Әйел компанияның шарттың тармақтарын өрескел бұзғанына ашулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әсем Оразбекова бір жыл бұрын Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде бір бөлмелі пәтерді сатып алуға инвестиция салған. Осылай 12 миллион теңге ипотека рәсімдеді. Компания люкс-класс пәтердің кілтін дәл белгіленген мерзімде беруге уәде еткен. Алайда кілттерді Әсем жоғарыдан тағы екі жарым миллион теңге төлегеннен кейін тоғыз айға кешіктіріп берген. Келісімшарттағы сәйкессіздіктерді құрылыс салушы қосымша шаршы метрмен түсіндіргенін айтады.
“Шартта егер пәтердің көлепі өзгертілсе, онда 3%-ды төлемеуіміз керек деп жазылған. Менде тіпті 3%-ға кірмейді, соған қарамастан шамамен екі миллион теңге төледік, оған қоса пайдалану шығындары мен есептегіштерге төлетті. Бізді су есептегіштерін сатып алуға мәжбүр етті. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр, ал есептегіштер жоқ”, – деді астаналық Әсем Оразбекова.
Сондай-ақ мұнда лифт те жоқ. Әсем компанияны Instagram-да жарнама арқылы тапқанын және қара тізімдерден тексерілмегенін айтты. Риэлторлар қауымдастығы қара тізімді тексеру керек екенін түсіндірді. Мысалы елордада 138 құрылыс салушының үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы жоқ. Бұл тізімді Астана әкімдігінің сайтынан табуға болады. Бұдан басқа, құрылыс компаниясының жобалары Қазақстанның құрылыс салушылар тізілімінде болуы тиіс, дейді мамандар.
“Үлестік келісімшарт жасасу керек, өйткені ол заң бойынша азды-көпті қорғалған. Әзірлеуші сатып алушылардың ақшасын тарту үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Әлі салынбаған пәтерді сатып алу-сату туралы алдын-ала келісім жасай алмайсыз. Өйткені оны қайта сатуға болады”, – деді Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлторлар қауымдастығының президенті Александр Пак.
Сарапшы шаршы метрдің құнына назар аударуға кеңес береді. Егер баға нарықтық бағадан төмен болса, онда жоламаған жөн.
“Жеңілдік 10-15 пайыздан аспауы керек. Бір шаршы метрдің құны құрылыс салушының нақты шығындарынан тұратынын ұмытпауымыз керек, олар бұдан пайда табады”, – деді Пак.
Егер құрылыс салушы шарттың тармақтарын бұзса, клиент өз қаражатын қайтару үшін сотқа жүгінуге құқылы.
“Құрылыс салушының артында мүлік, бағалы қағаз, ақша болмаса, сот орындаушылары атқару парағын қайтаруға мәжбүр болады. Сондықтан бұл үшін іс жүзінде жаза жоқ дсееп айтуға болады”, – деді адвокат Жандос Тұяқов.
Бұл жағдайда сот оның шешімін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғауға құқылы. Алайда борышкер сотталған күннің өзінде ақшаны қайтару қиын.