"Пәтер алу үшін қарызға 15 млн теңге беріңізші": Әлия Назарбаева қазақстандықтардың өтінішіне жауап берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенжесі Әлия Назарбаева әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың материалдық көмек көрсету туралы өтініші жазылған хаттарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлия Назарбаева Instagram парақшасында жазылушыларының бірінің хабарламасының скриншотын жариялады. Онда ол елбасының қызынан пәтер сатып алуға көмектесуін өтінген.
"Өтінемін, пәтер алуға көмектесіңізші, 15 миллион теңге несие беріңізші. Мен ай сайын сіздің есепшотыңызға жалақымнан 60-70 мың теңге жіберемін", - делінген қазақстандықтың өтінішінде.
Әлия Назарбаева осындай хаттарды күнделікті алатынын атап өтті. Бұл ретте ол барлық адамдардың қалауын орындай алмайтынын жеткізді.
"Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамдардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын.
Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!", - деп жазды Instagram-да Әлия Назарбаева.
Оның сөзінше, қор тұрғын үй мәселелерін шешпейді, жұмысқа орналастырмайды, мемлекеттік органдардың істеріне араласпайды.
"Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу!
Ал менің ниеттерім күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!", - деді Әлия Назарбаева.