Парламенттегі Nur Otan фракциясының төрағасы сайланды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының басшысы болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
Ерлан Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.
Әр жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация вице-министрі, көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, парламент мәжілісіндегі үкімет өкілі қызметтерін атқарған.
2012 жылы премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысының әкімі қызметіне келді.
2019 жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2022 жылдың 1 ақпанында Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді