Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламентте шу шықты: Депутат премьер-министрге су шашты (видео)

Косово парламентінде жанжал шықты. Депутат Премьер-министр Альбин Куртиге су шашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kosovo Online сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Косово ассамблеясының отырысында болған. Премьер-министр провинцияның солтүстігіндегі этникалық сербтермен шиеленісті басу шаралары туралы айтып жатқан кезде орын алған. Косово Демократиялық партиясының депутаты Мергим Луштаку спикерге жақындап, оған су шашып, жанжал шығарған.

Кадрларда судың Альбин Куртиге де, үкімет басшысын қорғаған саясаткерлерге де шашырағанын байқауға болады. Шенеуніктер бір-бірін су құйылған бөтелкелермен, жұдырықпен ұрып-соғуда. Ал біреуі премьер-министрдің мойнынан қысып ұстап алған. Соңында, Альбин Куртидің оққағары араласып, жаппай төбелес премьер-министрдің залдан шығып кетуімен аяқталды.

Косовоның оппозициялық партиялары Батыстың негізгі одақтастарымен қарым-қатынасын нашарлатып жіберген Куртидің солтүстіктегі саясатын сынап жатқаны атап өтілді.

Талқылау