Парламентке дайындалмай келіп, қағаздан бас көтермеген шенеуніктер депутаттан сөз естіді
Парламентке дайындалмай келіп, үкімет сағаты барысында қағаздан бас көтермеген шенеуніктер депутаттан сөз естіді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру мәселелері талқыланды. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ауқымды баяндама жасап, депутаттар министр мен отырысқа облыстардан келген шенеуніктерге толғандырған сұрақтарын қойды.
“Бізде пробация институты қалыптасып жатыр. Бұл өте маңызды, елімізге қажет институт. Бүгін үлкен жұмыс атқарылып жатқанын естідік, бірақ істейтін жұмыс одан да көп. Өйткені, министр атап өткендей, сотталушыларды ұстау бойынша тәжірибеміз халықаралық стандарттардан алыс, енді бізге осыған ұмтылу керек”, — деген депутат Зағипа Балиева шенеуніктердің берген жауабына көңілі толмағанын айтып кейіді.
“Апробация туралы заң мен министрдің бүгінгі баяндамасынан білгеніміз бұл осыған жасалған бір қадам. Бүгін отырыста әкімдердің орынбасарларының берген жауабына менің көңілім толмады. Олар парламентке келіп, жауаптарды қағаздан оқып берді. Мұндайға жол беруге болмайды. Яғни олар жергілікті жерде өте маңызды пробация институтына осылай қарайды деген сөз. Олардың бұл институтқа салдыр-салақ қарайтыны көрініп қалды. Бұл біздің азаматтардымыздың, біздің балаларымыздың қауіпсіздігі емес пе?!”, — деді депутат.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев: үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруі тиіс
Корея президенті: Қазақстанда кәрістерді “төртінші жүзге” жатқызады
Елбасы Алматыдағы сапарынан кейін арнайы мәлімдеме жасады
“Ахметов ісі” бойынша сотталғандардың барлығы түрмеден шығып үлгерген